Өңірде «Айыппұл төле» жедел алдын-алу іс-шарасы аяқталды. Облыс аумағында қыркүйектің 1-7 аралығында прокуратура өкілдері, жеке сот орындаушылары әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған жұмыс жүргізді. Аймақта 1 аптаның ішінде 40 автокөлік айыппұл тұрағына алынды. Акция аясында мемлекет есебіне 10 млн. теңгеден астам қаражат өндіріп алынды. Ал әкімшілік құқық бұзушылық  туралы қаулыларды орындамағаны үшін мамандандырылған тұраққа 40 автокөлік қойылды. Құқық бұзушылықтардың барлығы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 592 бабы, яғни белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру бойынша жасалған. Борышкерлердің көлігі айыппұлдарды толық өтегенге дейін мамандандырылған тұраққа алынды. «Айыппұл төле» жедел алдын-алу іс-шарасының аясында 2000-нан астам азаматқа әкімшілік айыппұлдардың берешектері туралы хабарланды.