Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша кешенді шараларды қолға алу керек. Мемлекет тарапынан шаруаларға көрсетіліп отырған қолдау көлемі жыл сайын артып келеді. Ел Президенті биылғы халыққа арнаған кезекті Жолдауында да аталған бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажеттігін айтты. Облыстағы шаруалар бұл аймақтағы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға тың серпін беретініне сенімді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында субсидия мәселесіне түбегейлі өзгерістер керек екендігін де алға тартты.Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау қайта қаралып, қожалық иелеріне ашық әрі қолжетімді болуы тиіс. Жақсылық Жапарханұлы ел Президентінің  биылғы жолдауда субсидиялау мәселесін қайта қарау жөнінде көтерген бастамасы уақытында қабылданған шешім болды дейді. Себебі, мемлекет тарапынан шаруаларға көрсетілетін қолдаудың берері мол. Субсидия арқылы шаруашылықтағы түйткілді мәселелерді шешуге де жол ашылатын көрінеді. Президент бұл жұмыстарды ретке келтіретін кез келгенін, жауапкершіліктің ара-жігін ажырату керек екендігін де алға тартты. Қазіргі таңда ел Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруға кірісіп кетті.