Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты аймақтағы барлық мемлекеттік мекемелерде ту төмен түсірілді. Ойын-сауықтық шаралар тоқтатылып, жерлестер қаза тапқандардың рухтарына тағзым етті.

Бүгін еліміз үшін тағы бір ауыр дата. Марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтылып, еске алынуда. Бірліктің ұйытқысы болған облыстық достық үйінде де байрағымыз түсіріліп, бір сәт күрсініс болды, жұрт елдің ендігі тыныштығын тіледі.

Халықты дүр сілкіндірген дүрбелең артта қалғанымен темірдей тәртіп әлі де қатаң қадағалануда. Коменданттық сағат режимі сақталуда. Лаңкестердің келтірген шығыны мен қаза тапқандардың саны әлі анықталуда.

Осы күн де өтер, кетер, бірақ қаралы күн еңсені түсірді. «Ең бастысы елдің тыныштығы мен берекесі» дейді жұртшылық.

Бір өкініштісі бұл Тәуелсіздігіміздің  тарихындағы 11-інші қаралы күн.