«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жедел желісі күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. Сall-орталық кәсіпкерлермен тәулік бойы байланыста. Ұлттық палата кәсіпкерлерге зардап шеккен нысанды фото және видеоға түсіруді сұрайды. Сонда ғана бизнесмен алдағы уақытта көмек алу үшін шығынын дәлелдей алады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметіне сәйкес қазіргі таңда байланыс орталығына ел бойынша 2774 қоңырау түскен. Оның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1406, форс-мажор – 39, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қодау қоры бойынша – 3, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1324. Елдің 9 өңірінде 1488 нысанда орналасқан 1319 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды. Шығынның жалпы сомасы алдын ала есеппен 93,7 млрд теңгеден асты. Қазір «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері зардап шеккен нысандарды барынша көзбен көріп, тіркеп жатыр. ШҚО-дағы ахуал бойынша, кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Әлия Мұқашева былай мәлімдеді...

Қазақстан бойынша зардап шеккен бизнес нысандары туралы мәлімет:

Сall-орталығына хабарласқандар:

2774 - қоңырау түскен

1406 – мародерлық мәселелері бойынша

39 – форс-мажор

2 – блок-бекеттер

3 – зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша

1324 – жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар

Елдің 9 өңірінде  1488 нысанда орналасқан 1319 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды

Зардап шеккен бизнес салалары:

сауда – 1245

қоғамдық тамақтану – 25

қаржы секторы – 37

логистика – 9

БАҚ – 2

Айта кетейік, кәсіпкерлерге көмек үшін «Күшіміз Бірлікте» қоры ашылды. Ол шағын және орта бизнестің жұмысын жылдам жандандыруға көмектеседі. Қорға түскен қаражат елдің барлық аймақтарындағы зардап шеккен кәсіпкерлерге арнайы комиссияның шешімінен кейін бөлінетін болады.