Шығыс Қазақстан облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталған бүлікшілер саны белгілі болды. Бұл мәліметті бүгін ШҚО Полиция департаменті хабарлады.ШҚО ПД-нің мәліметінше аймақта жағдай тұрақты. Дегенмен, құқық қорғау огандары тәртіпсіздіктің алдын алу мақсатындағы жұмыстарын жалғастыруда. Соңғы ресми ақпаратқа сәйкес ұсталған бүлікшілер саны – 1000-ға жетті. Оның ішінде 66 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Коменданттық сағатты бұзғандары үшін 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіпсіздік кезінде 11 қызметтік көлік жойылып, 10-ы бүлінген.

Облыстағы қазіргі ахуал тұрақты. Құқық қорғау органдарының бақылауында. Барлық күштік құрылымдар күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Қарулы содырлардан тәркіленген қару-жарақ саны және облыс шекарасында жүрген шетел азаматтары туралы мәлімет әлі де анықталуда.