Ауыл шаруашылығы негізінен екі үлкен саладан тұрады. Егін және мал шаруашылығы. Дәл осы екі саланы «Юбилейный» ЖШС дамытып, ілгерілетіп келеді. Жүйелі жұмыстың  нәтижесінде Үржар ауданында соңғы жылдары бидай мен майлы дақылдардың алқабы артқан. Қазіргі таңда кәсіпорын 100-ге тарта ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Үкімет тарапынан егін шаруашылығын дамытуға түрлі субсидиялар беріледі. Оның игілігін көріп отырған қожалық иелері қайтарымын ауыл тұрғындары мен туған жерге беруде. Ірі кәсіпорын қоластындағылардың тұрмыстық жағдайларын жақсартуға  көмектеседі. Баспана мен көлік сыйлап, көмек сұрап келгенді құр қайтармаған.

Ауыл шаруашылығы Үржар ауданы экономикасының негізгі саласы. Қожалықтардың қажырлы еңбегі мен төккен тердің жемісі бүгінде өз жемісін беруде. Алқапта егін жинау жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Аудан басшылығы шаруа қожалықтарының техникаларын жаңарту жұмыстарына да ерекше мән беріп отыр. Джон Дир техникасының көмегімен жұмыс жеңілдеген. Сол арқылы жұмысшыларға қажетті жағдай жасау басты мақсат екендігі айқындалады.

 «Юбилейный» ЖШС тек ауыл шаруашылығын дамытуға өз үлесін қосып қана қоймай, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, рухани байыту, салауатты өмір салтына баулу сынды әлеуметтік істерді де қатар алып жүр. Көлденең ауылының көркеюіне бар күшін салуда. «Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз» дейді ауыл заматтары. Елді мекенде кәсіпорынның қолдауымен мәдениет үйі, мешіт пен спорт кешені тұрғызылып, ел игілігіне берілген.

Үржардағы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған жұмыстар мұнымен аяқталып қалмақ емес, дейді жергілікті билік өкілдері. Алдағы уақытта түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар.