Облыс әкімі Тарбағатай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Ақжар ауылының тұрғындарымен кездесті. Аймақ басшысы аудан әкімі, депутаттар мен тұрғындардың бастамашыл тобымен азаматтарға қажет жұмыстардың жоспарын жасады. Алдыңғы қатарда тұрғаны су, коммуникация желілері.
 
 «Тұрғындардың өмір сапасын арттыруға керек қаражат облыс бюджетінен бөлінеді», кездесуде Даниал Ахметов осылай деді. Ауданды дамытудың перспективалық жоспары да ойластырылды. Оған мектептер, әлеуметтік нысандар құрылысы және ТҮКШ мәселелері кірді. 
 
Жергілікті жерлерде тұрғындар ауыл мен ауданның өміріне белсенді қатысуы керек. Жиналыста айтылған сөздің бірі осы. «Әкімдік пен халық» қағидаты тығыз жұмыс істеу керек. 
 
Бір мәселе екіншісімен байланысты. Шағын және орта бизнес, ірі кәсіпорындар салық төлеуге келгенде көлеңкеде қалмауы тиіс. Кәсіпкерлерге алтын сырға. Өңір басшысы салық кодексі жайлы да тоқталып өтті.
 
 «Пайдаланылмайтын жайылымдарды қайтару бойынша жұмыстар бақылауда тұр. Дамыған аудан тұрғындары үшін мал шаруашылығы маңызды» делінді. Сондықтан, иесі бар бірақ, не мал бағылмайтын, не егін егілмеген жер телімдері мемлекетке қайтарылады. Бұл шара бойынша біршама жұмыс орындалды.
 
Биыл Тарбағатай ауданында көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін 48 үйдің құрылысы басталады. Ол ғана емес, ауданды сапалы интернет байланысымен қамтамасыз ету үшін антенна-бағаналары құрылыстарын салуға қаржы бөлінді. Ал, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы маңызды жобалар ары қарай жалғасын табады.