Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін бұл салада әр маманның қызметі ерекше. Маңыздылығы күннен-күнге артып келе жатқан салада білікті мамандар да жетерлік. 

Дәрігер – мейірімділік пен ізгілік жаршысы. Бұл мамандыққа бала кезінен қызығып, ақ халат киюді армандаған Татьяна Эндерс мектеп қабырғасында жүргенде-ақ кім болатынын шешкен. Дәрігер мамандығын меңгеруде тек қажырлы еңбек пен білім ғана емес, жылдар бойы жинайтын тәжірибе керек екені белгілі. Медицинадағы еңбек өтілі 27 жыл болса, оның 26 ​​жылында невропатолог болып жұмыс істеген. Соңғы бірнеше жылдан бері Алтай ауданындағы  ауданаралық аурухананың инсульт орталығында жұмыс істейді. Қазіргі күні травматологияның ота жасау бөлімінде медбике қызметін атқаруда.

Дәрігер жұмысының ауыртпашылығы мол екенінін айтпасақ та көріп, біліп жүрміз. Бірақ, ауруды емдеп жүрген дәрігерлерге қаншалықты құрмет көрсетіледі? Өзге адам біреудің өміріне араша түсіп, құтқарып қалған жағдайда ел алғысына бөленіп, алғыс хатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ал, дәрігерлер күнделікті ерлік жасайды. Инсульт орталығы -  ауыр жағдаймен түсетін науқастардың бөлімі болғандықтан, тек кәсіби көмек көрсетіп қоймай, жан-жақты жайлылық орнатуға тырысады.

 «Күн сайын бір адамға өмір сыйлап, ауруынан айықтыру - дәрігердің жұмысындағы ең шабыттандыратын нәрсе», - дейді Татьяна. Барлығы да дәл осылай өз жұмысын жетік біліп, бүкіл ынтасын жұмысына арнаса ем іздеп келетіндердің қатары сирейтіні сөзсіз.