Өңірдегі автомобиль жолдарының сапасын арттыруда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының тапсырмасымен стратегиялық жоспарлар іске асырылып, қыруар қаражат бөлінуде. 

Жол құрылысының сапасын бақылау, қадағалау аса маңызды. Ал, қолданылатын материалдарды бағалап, сараптау осы саладағы олқылықтарды азайтуға мұрындық болмақ. Ол үшін арнайы тексеру комиссиясы да бар. Сондай тексерудің бірі Самар тасжолында болды. 

Жол – халық үшін ең маңызды сала. Сондықтан да, күре жолдың жағдайы халықты үнемі алаңдататын мәселелердің бірі. 

Автожол салуды жобалау мен оны салу кезінде және орташа немесе күрделі жөндеу жасалғанда мердігерлер тарапынан жіберілетін қателіктер мен технологиялық ауытқулар жол сапасына тікелей әсер етері анық. Қазіргі уақытта, осы мәселе бойынша үкімет тарапынан аталмыш салаға баса назар аударылып, маңызды жұмыстар жүргізілуде.