Аймақ балық шаруашылығы үшін ыңғайлы. Жалпы елімізде балық аулау ісінде қолайлы орта қалыптасқан. Агроөнеркәсіп кешенінің маңызды саласының бірі - балық шаруашылығын дамытуда алға қойылған жоспар мен атқарылатын жұмыс көп. 

Балық аулау туризмі – бұл тек қана қармақ салу емес, туризм мен спорт саласын дамыту саналады. Еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің маңызды бір саласы болған балық шаруашылығын дамыту ісі ерекше қолдауды қажет етуде. Оны аулау, тасымалдау, өсіру, өңдеу және қорғау бойынша қандай бастамалар қолға алынғандығын жауапты мекеме басшысы айтып берді.

Балық аулау кәсіп болғанымен, мамандар тыйым салынған уақыттарды да атап өтіп, сақтық шараларына да тоқталды. Олардың айтуынша күз бен көктем мезгілі балықтың уылдырық шашатын уақыты болғандықтан, бұл кезде балық аулауға рұқсат етілмейді. Ал, оны өсіру ісін қолға алу облыс үшін маңызды мәселеге айналған. Бүгінде отандық балық және балық өнімдер өндірісінің көлемін ұлғайту әлеуеті бірқатар аймақтарда қарастырылған. Облыста осы бағытты дамыту агроөнеркәсіптік сектордағы орта және шағын бизнестің дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз. 

Күз – балықшылар үшін қармап қалатын сәт. Осы уақыт аралығында заңсыз балық аулап, әкімшілік жауапкершілікке тартылатындар да көп. Ал, мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отырған шаруашылықта тауарлы балық өсірудің маңызы зор.