Өңірде әлеуметтік жағдайды көтеру жұмыстары үздіксіз жалғасуда. Өз ісін бастап, қоғамға пайда тигізіп жүрген жандар да мол. Көпшілігі арнайы оқыту бағдарламасынан өтіп, пайда табуда.  

Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында қолға алынған жобаның жемісін көріп отырғандар аз емес. Осы бағдарлама аясында жұмыс істеп, игілігін көріп отырған тұрғынның бірі – Анар Ошақбаева. 

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау жұмыстары қарқынды дамуда. Сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасы бірнеше саланы қамтиды. 

Жұмыспен қамту орталығына жүгініп, мамандықты игеруге қызығушылық танытушылар саны күннен-күнге артуда.