01 қазан қарттар күні қарсаныңда, ШҚО бойынша ҚАЖД №24 мекемесі қызметкерлері осы мекемеге өз өмірін арнаған  тыл ардагерлерімен кездесіп,  көңілдерін көтеріп қайтты.  Жас буынның өздерін іздеп келіп мерекемен құттықтап, сый сияпат табыстағандарына дән разы болған қариялар көздеріне жас алды.  Жас буынға қылмыстық-атқару жүйесі салсында қызмет атқарған уақытта болған қызықты оқиғалармен бөлісіп, мерекеден бөлек уақытта да келгендерін қалаған қарияларқызметкерлерге батасын берді.