Қазіргі таңда кез-келген мекеме психологты қажет етеді. Соңғы кезде осы мамандықты кәсіп етіп, нәпақасын тауып жүрген жандар қатары арта бастады. Десе де, бұл салада жүргендердің кәсіби шеберлігін әлі де арттыру қажет. Ал психологтардың қызметіне жүгінбеудің салдары қандай?

Адамдар тығырыққа тіреліп, шырғалаңға түскен шақта қол ұшын беріп, дұрыс жол көрсетіп жүргендердің бірі Өскемендік Әсем Жаманшалова. Ол 1988 жылы Марқакөл ауылында дүниеге келген. Риддер қаласында мектеп табалдырығын аттаған. Студенттік өмірі Семей қаласында өткен. Ал қазіргі уақытта Өскеменде оңалту орталығында психолог болып жұмыс істейді. Екі баланы тәрбиелеп отырған маман 15 жылға жуық уақытын осы салаға арнаған.

Қала тұрғындары да қазіргі таңда маманға жиі жүгінуде.