Бүгінде көп қабатты үйлердің аулаларында тұрғындар еш рұқсатсыз, өз еріктерімен  аулааралық жолдарға арналған кедергілерді орнатады.Мәселен, бірі арнайы құлып салынатын тросс қойса, енді бірі автоматты жұмыс істейтін шлагбаум қояды. Мұндай қондырғылар пәтер иелеріне қолайлы болғанымен, жедел қызмет өкілдеріне біршама кедергісін келтіреді. Тіпті арты қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Виноградов көшесінің тұрғындары осы мәселе бойынша арнамызға хабарласып базынасын айтты.
Қазір қала тұрғындары көпқабатты үй ауласының кіре берісіне шлагбаум орнатуды әдетке айналдыра бастады. Олардың пікірінше, мұндай әрекет сыртта ойнап жүрген балалардың және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мәселен, аулада тосқауыл қойылған Виноградов көшесіндегі төрт үйдің тұрғындары аумаққа кіре алмайтын автокөлік жүргізушілерімен дау туды. Бұл жерде үш балабақша орналасқан, ал күн сайын таңертең ата-аналар балабақшаға келіп, жолға кедергісін келтіреді. Нәтижесінде аула тұрғындары шлагбаум орнатуды қажеттілік деп санайды.
Көпқабатты үйдің иелері өздерінің және балаларының қауіпсіздігі үшін ауланың кіреберісіне тосқауыл орнатқан. Дегенмен,ол жерде  балабақшаға келгендердің көлігі мен аула арқылы жолды кесуге шешім қабылдағандар жиі кездесетін көрінеді. Тіпті жүргізушілер жылдамдық режимін сақтамайды дейді - тұрғындар.
Қала аумағында көпқабатты үйлердің ауласына тұрғындардың шлагбаум, бетон, құлыппен бекітілетін кедергілер қою өз кезегінде көлемі үлкен өрт сөндіру техникаларының жүруіне кедергі келтіреді.
Өскемен қаласының төтенше жағдайлар басқармасы өрт қауіпсіздік Ережелерінің 164- бөліміне сәйкес ғимараттарға өрт сөндіру техникалары кедергісіз өту үшін жолдар үнемі қолжетімді болуын ескертеді.
Айта кетейік, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскеменде осы күзде азаматтардың аулаларда заңсыз орнатылған кедергілерді жою туралы өтініштері бойынша коммуналдық қызмет қызметкерлерінің рейдтері басталды. Үш күннің ішінде барлығы 84 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 77 қоршау, созылу белгілері, жол жүруді бөгейтін бетон блоктары анықталды. "Таза Өскемен" кәсіпорнының қызметкерлері аулаларда заңсыз орнатылған кедергілер табылған жағдайда тұрғындар Өскемен әкімдігінің ресми Instagram-парақшасына жүгінуді ұсынады.