Украинада  алдағы қыста  миллиондаған адамның денсаулығына қауіп төнуі мүмкін. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюге мәлімдеді. Оның сөзінше, Ресей әскерінің соққыларынан, Украинада жүздеген аурухана мен медициналық мекеменің жұмысы тұралаған. Және де оларға отын, су және электр қуаты жетпей жатыр. Ресейдің ракета және дрондармен жасаған шабуылдарынан Украинаның энергетикалық инфрақұрылымының жартысы зақымданған немесе жойылған. Сондықтан, қазірдің өзінде 10 миллиондай адам жарықсыз отыр.