Өңірде алдағы күндері сынап бағаны – 38 градусқа дейін төмендейді. Аймақтың ТЖД бұл күні  тұрғындарға мүмкіндігінше елді мекендерден аса қажет болмаса, шықпауға кеңес береді! Себебі, бұл уақытта апат қаупі жиілеуі мүмкін. Ал "ОблШығысЖол" ЖШС дерегі бойынша бүгін сағат 10:30 дан бастап  «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының 38-60 шақырымында және Өскемен қаласы іргесіндегі Новотроицкое ауылына кіреберіс жолдың 22 шақырымы көліктің барлық түрі үшін жабылды. Бұған қолайсыз ауа райы, жел екпінінің күшеюі мен жолдардың дұрыс көрінбеуі себеп болған.