Облыс әкімінің симфониялық оркестрі 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Керемет кеште қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармалары орындалып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Симфониялық оркестр ШҚО әкімінің бастамасымен  2002 жылдың наурыз айында құрылған. Оркестр алғаш рет үлкен сахнаға 30 мамырда шықты. Енді міне мерейлі мерейтойын атап өтіп отырған іргелі ұжым, филармония қоржынындағы ең тамаша туындыларын сүйікті көрермендерінің назарына ұсынды.
Симфониялық оркестрді құттықтап келгендердің арасында есімі елге белігілі өнер майталмандары бар. Солардың бірі-ҚР Мәдениет қайраткері Жанна Орынбасарова.
Симфониялық оркестр республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты атанған. Оркестрдің репертуарында шетел классиктерінің, заманауи және отандық композиторлардың шығармалары бар.
Осы жылдар ішінде симфониялық оркестр Қазақстанның халық әртістері Ермек Серкебаев, Жәния Әубәкірова, Роза Рымбаева және Лаки Кесоглу, Англиядан келген пианистер Юрий Паттерсон мен Евгения Старцева, Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының мүшелері Серік Еркімбеков, Әліби Әбдінұров және сондай-ақ әлемдік жұлдыздармен, шетелдік орындаушылармен ынтымақтастықта.