Өскемендегі «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» зағип және көздері нашар көретін жандардың қоғамдық-рухани белсенділіктерін дамытып, өнерлерін қолдау мақсатында «Таңғы арай» тобының «Арман самғауы» атты концерті ұйымдастырылды. Сахнада эстрадалық жанрдағы және танымал халық әндері шырқалып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Динара Әбілқайырова мен Мағзат Мұқашев 2020 жылы дуэтпен ән айта бастағанда көпшіліктің алдына «Таңғы арай» әнімен шығыпты. Содан кейін топтың атын да «Таңғы арай» деп атауды ұйғарған екен.
 «Арман самғауы» кешін қолдауға келген азаматтарда әннен шашу шашып,  көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Концерт тамаша көңіл-күй сыйлады. Өнерпаздар мен кешке арнайы шақырылған қонақтарға облыс басшылығы және тілдер басқармасы тарапынан құттықтау хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.