Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде «Тоғызқұмалақ» кітабының авторы, белгілі түрколог, ғалым Сәрсен Аманжоловтың құрметіне тоғызқұмалақтан облыстық турнир өтті. Жарысқа 9-15 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздардан құралған Семей мен Өскемен қалаларының командалары қатысты.
Турнир қатысушылары ойын қызықты әрі тартысты өткенін айтады.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мақтау қағаздары, медальдары табысталды.Сондай-ақ демеушілер есебінен ақшалай сыйлықтармен, Сәрсен Аманжолов атындағы университеттің арнайы жүлдесімен марапатталды.
Ал келесі жылы бұл турнирді жерлес ғалым Сәрсен Аманжоловтың 120 жылдық мерейтойына орай республикалық жарыстар күнтізбесіне қосу  жоспарлануда.