Риддердегі жылыту қазандығындағы апат салдарын жою жұмыстары әліде жалғасып жатыр. Қазіргі таңда тұрғындарға біртіндеп жылу беріле бастады. Дегенмен, қазандықтар толық қуаттылығында жұмыс істеп тұрған жоқ. Ал, қала тұрғындары күн-түн демей төтенше жағдайды ретке келтіріп жатқан мамандарға алғыстарын айтуда. Олар түйіткілді мәселенің оң шешім табарына сенімді.
Кеншілер қаласының тұрғындары қазіргі уақытта пәтерлерінің айтарлықтай жылынғандығын айтады.
Ал облыстық ТЖД мәліметі бойынша, аймақта күн жылына қоймайды. Қатты аяз өңірде әлі де сақталады. Синоптиктердің хабарлауынша, күн желтоқсан айының бас кезінде ғана жылынуы мүмкін.
Мамандар шығысқазақстандықтарға енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды сұрайды.