Соңғы 3 тәулікте қалалық аурухананың травматология бөліміне үсік шалу дерегі бойынша 7 адам жүгінген. Алдағы күндері ауа райы қалай болмақ, жарақат бөлімінің дәрігерлері тұрғындарға қандай ескерту жасады?
Апта басында қыс қаһарына мініп, арты аязды күндерге ұласты. Коммуналдық қызмет пен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бел жазбастан қызметке кірісіп, тәуліктік жұмыс режиміне көшті. Аязбен басталған апта ішінде түрлі оқыс жағдайлар да тіркелді. Төтенше жағдайларға тап болған азаматтар бірден дәрігерлердің көмегіне жүгінетіндері айтпаса да түсінікті. Мәселен, соңғы үш тәулікте Өскемендегі қалалық ауруханаға үсік шалған 7 тұрғын  жеткізілген. Арасында түрлі жарақат алған тұрғындар да бар. Дәрігерлер үсік шалудың алғашы белгілерін де атап берді. Ең алдымен адамдардың қолы, беті, мұрыны сияқты мүшелері домбығатын көрінеді. Қазіргі таңда науқастар амбулаториялық ем алып, алды үйлеріне жіберілген.
Синоптиктердің болжамына сәйкес өңірде қатты аяз әлі де бірер күн сақталады. Сол себепті, тұрғындар қауіпсіздік шараларын қатаң түрде ұстап, себепсіз алыс жолға шықпағандары абзал. Егер, үсікш алған жағдайда бірден дәрігерге жүгіну керек, дейді бас дәрігердің орынбасары Шыңғыс Қайнаров.