26 қарашадан бастап Өскемен қаласында қолайсыз метрологиялық жағдай  қалыптасты. Ауа-райының тосын мінез танытуы салдарынан қаланы тұман басты. Облыс орталығының тұрғындары бұл жайттарға алаңдаушылық білідіріп, денсаулығымызға кері әсерін тигізбейді ме деп,дабыл қағуда. Тұрғындар шағымынан кейін өңірдің Экология департаменті мен Қазгидромет қызметкерлері өндірістік аймақта да ауа сапасын бақылау үшін тиісті зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Өскеменді бірнеше күннен бері қою тұман басты. Тұрғындар бұл жайтты әлеуметтік желіде қызу талқылады. Екіге бөлінген тараптың бірі өндіріс орындарынан шығатын зиянды қалдық мөлшері шамадан тыс ауаға жіберілді десе, енді бірі аяздың салдарынан осындай жағдай қалыптасты деп отыр. Ал өңірдің Экология департаменті бұл жайтқа мынадай түсініктеме берді.
Ал қаланың тұман басуының себебі, екі үлкен өзеннің табиғи булануынан деп топшылап отыр мамандар.
Соңғы күндері әлеуметтік желіде қаладағы ірі өндіріс орындарында апатты жағдай орын алды деген де алып-қашпа әңгімелер желдей есті. Алайда, бұл ақпарат жалған деп мәлімдеді экологтар.Айтуларынша қазіргі таңда кәсіпорындар қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.
Дегенмен, экологтар зерттеу нәтижесінің барысында күкірттің және азот оксидінің атмосферадағы мөлшері бекітілген нормадан жоғары екені анықталғанын айтады.Мамандаралдағы уақытта ауа-райы тұрақталып, тұман сейіледі деп отыр.