Өскемендегі Мызы көшесінде кеше көлік қозғалысы бірнеше сағатқа тежелген болатын. Оған сорғы станциясының  уақытша істен шығуы себеп болған. Қатты аяз салдарынан таңғы сағат 4-тер шамасында автоматты жабдықтау желісі ақау пайда болып, жұртты әбігерге салды. Төтенше жағдайдың мән-жайын әріптестерім анықтап көрді.
Апат салдарынан қаладағы көлік қозғалысы тежелді. Жедел қызмет жүйені қалпына келтіруге бірден кірісіп, сорғы станциясын қайта іске қосты. Мамандар төтенше жағдайдың басты себебі-электр қуатының уақтыша өшуі дейді.