Сайлаудан кейін Сенат депутаттарының орташа жасы өзгеруі мүмкін бе? Бұл сұраққа қатысты жоғары палата спикері Мәулен Әшімбаев пікір білдірді. Айтуынша, саяси науқанда таңдау жасайтын мәслихат депутаттары. Сондықтан, барлығы солардың шешіміне байланысты болады. Төраға "Халық қалаулысы" атанатындардың ішінде жас, әрі білікті азаматтар болатынына сенімді. Жаңа депутаттар "Әділетті Қазақстанды" құруға үлесін қосуға барын салуы керек, дейді. Өз тарапынан саяси дода толықтай әділ, заң жүзінде және бәсекелестікке толы болуы үшін керекті шаралар жүзеге асыралатынын жеткізді. Айта кетейік, сенат депутаттарының сайлауы келесі жылдың 14-нші қаңтарда өтеді. Кандидатқа қойылатын басты талап: 30 жастан асқан Қазақстан  азаматы болуы шарт. Сонымен бірге, соңғы 10 жылда ел аумағында 3 жыл тұрақты тұрған болуы керек және 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі, жоғары білімі болуы талабы да бар.