Риддердегі жылыту қазандығының жұмысы біртіндеп ретке келтіріліп жатыр. Қазіргі таңда қалада үш қазандық жұмыс істеп тұр. Ал оның бірі жоғары қысымды. Мұндағы жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.
Қазір Риддерде төртінші қазандықтың жөндеу жұмыстары аяқталды. Тек  агрегатты  реттеу мен іске қосу жұмыстары ғана қалды. Бесінші қазандыққ арнайы жабдықты орнату жұмыстары іске асырылуда. Өңір басшысы Даниал Ахметовтың айтуынша, Риддер ЖЭО-ның барлық құралдары тозып, ескірген.
Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың айтуынша, жөндеуден өткен үш жоғары қысымды қазандық қиын жағдайда. Тіпті ауа - райының қолайсыз жағдайында да температуралық режимді сақтауға көмектеседі.
Негізгі міндет – нысанды сатып алу немесе оны коммуналдық меншікке беру мәселесін шешу. Біз "Риддер ЖЭО" – ын қаланың коммуналдық меншігіне қайтару мәселесін қарастырып жатырмыз, - деп түсіндірді Даниал Кенжетайұлы.
Біздің басты міндетіміз - жылумен жабдықтауды қалпына келтіру. Болашақта мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу, дейді аймақ басшысы Даниал Ахметов.