Балалар жылына орай «Үміт»  балалар үйінің тәрбиеленушілері Достық үйінде мерекелік концерт өткізді. Шараға арнайы басқа да қаладан келген қонақтар , ұщқан ұясынан қанат қағып, үлкен өмірге қадам басқан түлектері де қатысты.  
Үміт балалар үйінің тәрбиленушілері Үміт ханзадасы мен ханшайымын анықтады. Жобаға 10 тәрбиеленуші 5 жұп болып , әр жұп өз ұлт өкілдерін таныстырды. Жобаға қатысушылардың жас айырмашылығы 5-7 жас.   Балалар үйіндегі бүлдіршіндердің  барлығы өз алдына дарынды, өнерлі.  Бұған дейін жас өрендер әлемнің бірнеше елінде болып, талай бас жүлделермен оралған. Республика көлемінде мәдени-танымдық сапарларды да ұйымдастырып отырады. Ал бүгінгі байқау ерекше форматта өтті.Әлем қуыршақтары деп аталатын  сайыста тәрбиленушілер үш кезең бойынша бақ сынасты. Нақтырақ айтсақ, өзін-өзі таныстыру, ертегі әлемі және шығармашылық  кезең.
Мұндай байқаулар баланың бойындағы шығармашылық қабілетін дамытып, олардың өзіне деген сенімділігін арттырады, дейді Сәуле Әлімбаева. Ал ол үшін балалар үйінде арнайы үйірмелер жұмыс істейді.
Әртүрлі ұлт өкілдерін таныстырған қатысушылардың ішінде Неміс елін таныстырған қуыршақтар Аржанова Кристина мен Строй Максим жеңіп алды. Мерекелік концерттің соңында демеушілер бүлдіршіндерге өз сый-сыяпаттарын тарту етті.