Өңірде биыл бірнеше мәдениет нысандарын жөндеуден өткізу жоспарланған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов мәлімдеді.Басқарма басшысы 2023 жылға арналған жоспарлармен де бөлісті.
Ел Президентінің Жолдауы аясында аймаққа қарасты ауылдық жердегі азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» жобасы жемісті жүзеге асырылуда. Мәдениет басқармасының сөзіне сүйенсек, ауылдар мен қалаларда мәдениет ұйымдарын қайта түлету көзделіп отыр.
Өңірде бұқаралық мәдени шаралар да жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Алайда, рухни ордалардың барлығы жөндеуді қажет етеді. Сала басшысы биыл жөндеу жұмысы жүргізілетін бірқатар нысандарды айтады.
2023 жылға арналған жоспарда археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту жағы да көздлген. Шығармашылық ұжымдардың ауылдық жерлерге гастрольдік сапарлары да игі жалғасын таппақ.