Соңғы 3 жылда облыста мұз айдындарында 8 балық аулаушылының өлімі тіркелген. Сондықтан, құтқарушылар сақтансаң сақтайды  деген  қағиданы  естен шығармаған жөн,- дейді. Төтенше жағдайлар қызметкерлері мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сала мамандарының айтуынша мұздың қалындығына баса мән берген жөн. Су беті қатпай жатып балық аулауға асықпаған абзал.
Ал қалалық ТЖ басқармасының аға офицері Валентин Литвиненко балық аулауға әуес азаматтарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Аязға қарамастан, балық аулауды серік еткен азаматтар көп. Бұл істі ермек еткен ер адамдарға ТЖ қызметкерлері ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аптаның бел ортасында балық аулауға шыққандар жоқ емес. Ал, демалыс күндері олардың саны әлдеқайда көбейеді.
Айта кетейік, сала мамандары ақпараттық-түсіндірме жұмыстары әліде жалғасатынын айтады. Барлығы балықшылардың қауіпсіздігі үшін,-дейді құтқарушылар.