Өскеменде «Nur Otan»-ның партияішілік праймеризіне қатысушыларға дауыс беру аяқталды. Тұрғындар үміткерлерге дауысты веб-портал, мобильдік бағдарлама және сайлау учаскелеріне бару арқылы берді. Бұл шарадан біздің арна тілшілері де тыс қалмады. Шынайы саяси бәсекелестік негізінде әлеуметтік мәселелерді шешіп, қоғамға пайдасын тигізетін үздіктер анықталады. Праймериз Мәжіліс пен мәслихаттың барлық деңгейінде белсенді депутаттық корпус құруға, партия белсенділерін ынталандыруға бағытталған. Сондай-ақ, оларды мемлекеттік органдар қызметіне ұсынуға мүмкіндік береді. Праймеризге қатысушыларға дауыс беру primaries.kz. Ақпараттық жүйесі арқылы бірінші қазаннан бастап жүзеге асты. Аймақ бойынша жалпы 221 учаскі жұмыс істеді. Саяси науқанға шығысқазақстандықтар белсене қатысты.  Солардың қатарында №3 сайлау учаскесінде бірінші болып дауыс берген «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Жақсылық Омар да бар.