Бүгінгі күні 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жыл басынан бері зейнетақы мен жәрдемақылар қайта есептелді. Енді мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақы көлемі артады. Ең төменгі зейнетақы – 53076 теңгені құрайды.
Заң  жобасына сәйкес, қосымша төленетін базалық зейнетақы төлемінің мөлшері әрбір азаматтың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымдарын қосқанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан 60 пайызына дейін көтерілді.
Сондай-ақ, биылғы жылғы өзгерістердің бірі , бала күтіміне байланысты төленетін төлем. Бала бір жарым жасқа толық толғанға дейінгі төлем автоматты түрде ұзартылды.
Ал қала тұрғыны Әйгерім Шәріпова бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мөлшерінің өскеніне қуаныштымыз, дейді.
 Айта кетейік, бүгінде бір айлық есептік көрсеткіш мөлшері – 3450 теңгені құрайды. Ал, ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 24341 теңге. Ал  ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40576 теңге деп бекітілді.