Бүгін облыстық Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Кеңес мүшелері өткен жылды қорытындылап, департаментке келіп түскен өтініштер бойынша мемлекеттік органдарда жүргізілген тексерістердің нәтижелерін баяндады. Сондай-ақ, жиын барысында бірқатар мемлекеттік қызметшілер мен ведомство басшыларына қатысты шара қолданған тәртіптік комиссиялардың жұмысына талдау жасалды.
Департаменттің бас маманы Айгүл Әлібекова өткен жылы тәртіптік жауапқа 539 мемлекеттік қызметші тартылғанын айтады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға төмен.
Ал облыстық бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Нұрлан Еркебаевтың айтуынша, жыл өткен сайын мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапқа тартылу көрсеткіші төмендеп келеді. Жауапты департамент басшысының сөзінше, мұны мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің кәсібилігінің жоғарылауымен байланыстыруға болады.
Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған лауазымды тұлғалардың ісі қаралады.