Қазақстан – құқықтық мемлекет. Бізде бұл туралы арнайы доктрина да бар. Ал құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен өркендеуі, елдегі демократиялық процестердің дамуы адам бостандығы мен құқығын сақтау сынды ең асыл құндылықтарымен тікелей байланысты. Облыс орталығында жуырда адам құқықтары мен жеке басын қорғауға арналған арнайы жиын өтті.
Біз құқықтық және әділ мемлекет құру жолымен кезең-кезеңімен ілгерілеп келеміз. Мұны ел Президенті «Мемлекетіміздің стратегиялық бағ¬дарының басым міндетінің бірі – сая¬си жаңғыруды біртіндеп жүзеге асыру» деп түсіндіреді. Ал бұл міндет соңғы үш жылда адам құқығын қорғау саласына едәуір өзгерістер енгізіп, осы бағыттағы жұмыстарды біршама ілгерілете түскені анық. Солардың ішіндегі елеулісі – Үкімет бекіткен Адам құқығын қорғау жөніндегі кешенді жоспар. Бұл жоспардың алғышарттары жалпыға бірдей құқықтан бөлек, балалар құқығын да басты негізге қояды.
Ата Заңымызда да еліміз өзін құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, ең қымбат қа¬зы¬насын – адам жəне адамның өмірі, құқық-тары мен бостандықтары деп бекітті. Ал, біздің алдымызға қоятын ең негізгі мақсат – адам құқығын қорғау. Егер ішкі жүйеде қандай да бір олқылықтар кетсе, шешімін тауып түзету, дейді адам құқықтары жөніндегі бас маман Мурзат Хамитов.
Бастысы – қазіргі таңда адам сау¬дасы, әйел теңдігі, қоғамдық көзқарасты білдіру, өмір сүру құқықтарына қатысты мәселелер шешімін табуда дейді жауапты мамандар. Ал, бұл шара - әр адамның қадір-қасиетін, бостандығы мен құқықтарын қорғауды алдыңғы орынға қоятын негізгі бастамалардың бірегейі.