Аймақта жылыту маусымы басталғалы бері өрттің алдын алу шаралары тұрғындарға жан-жақты түсіндіріліп жатыр. Бұл туралы ШҚО ТЖД қызметкерлері мәлім етті. Облыс орталығында "Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі" тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Жиын барысында 181 өрт оқиғасы тіркелгендігі, бұл өткен жылыту маусымының ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,1% – ға аз екені айтылды. Алайда, өрт кезінде адам өлімі 16% - ға артып, жылыту кезеңінің басынан бастап 7 адамды құраған. 50% жағдайда-қаза тапқандар салауатты өмір салтын ұстанбай алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланған.
Жылыту кезеңінің басынан бастап "Қазцинк" ЖШС және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен азаматтардың әлеуметтік осал санатындағы үйлерде арнайы датчик орнатылған.
ТЖ қызметкерлерінің жүргізіп жатқан профилактикасының арқасында өрт кезінде балалар өліміне жол берілмеді. Айта кетейік, жазатайым оқиғалардың алдын-алу мақсатында сала мамандары түрлі шараларды қолға алған. Ақпараттық түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізілуде.