Табысты кәсіп ережелерінің бірі – сүйікті іспен айналысып, өзіңе ұнаған қызметте адал болу. Бүгінде  мемлекеттің кәсіпкерлік саласын қолдауға арналған түрлі бағдарламаның арқасында өз кәсібін ашып одан нәсіп тауып отырған отбасылар қатары көп. Олардың қатарында өскемендіктерде бар. Стоматология – медицинадағы қарқынды дамып келе жатқан сала. Өскемендік ерлі – зайыптылар бұдан бірнеше жыл бұрын мемлекеттік бағдарлама арқылы жеңілдетілген несие алып, тіс емханасын ашады. Қазір тіс дәрігерлері сол кәсіптен нәсіп тауып отыр. Табысты жобаның арқасында тірлігін тіктеген отбасының пікірінше кез-келген іс тәжірибені талап етеді.
Адал еңбекпен отбасын асырап, нәсібін тауып жүрген азаматтар қоғамға қай кезде де үлгі. Олар үшін барлық жағдай жасалған. Түрлі мемлекеттік бағдарлама арқасында талай азамат кәсіпкерлік саласында табысқа жетіп отыр. Солардың бірі- Әлия Шедербаева. Ол өз кәсібін ары-қарай дамыту үшін  2016 жылы тағы бір рет мемлекеттік бағдарлама негізінде несие алған.
Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған тиісті қолдау кәсіптің түрлі бағыттарына жол ашуда. Табанды еңбек қана толайым табысқа бастайтыны анық.