Өңірде №17 түзету мекемесіне тыйым салынған затты заңсыз кіргізбек болған азаматшаның ісі әшкере болды. Ол сотталушыға ұялы телефон жеткізбекші болған. Алайда, түрме әкімшілігі қызметкерлерінің тексеруі кезінде, оның ойы жүзеге аспай қалды. Құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады. Мұндай әрекетке барған себебін,  ол балаларының үнемі әкесімен байланыста болғанын қалағанымен түсіндірді. Заңбұзушылыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, кездесу тоқтатылды.