Аймақта «Айыппұл төле» жедел - профилактикалық шарасы жүріп жатыр. Осыған байланысты облыстық Полиция департаменті әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу қажеттілігі туралы еске салады. Заң бұзып, тиісті төлем жасамаған жүргізушілердің авткөліктері айыптұраққа қойылды.

Айыппұлынан  айналып қашып жүргендерді анықтау мақсатында  сот орындаушылар  мен полиция қызметкерлері үнемі рейд жүргізеді. Мұндай шаралар борышкерлердің қатарын сейілтуге мүмкіндік беретінін айтады тәртіп сақшылары. Негізі әкімшілік құқықбұзушылық салдарынан айыппұл арқалайтын азаматтардың саны еселеп артатын көрінеді.   
Тәртіп сақшылары атқарушы органдармен бірлесіп 9 миллион теңгеден аса қаражат өндіріп алды. Шара басталғалы бері төленбеген айыппұл үшін мамандандырылған тұраққа 3 автокөлік қойылған.
Акция барысында жергілікті полиция мен сот орындаушылар автокөліктерді жіті тексерді. Рейд кезінде қарызын уақтылы төлемеген бірнеше азамат кездесті.