«Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында»  медиаторлар ашық есік күнін өткізді.Шара барысында азаматтар түйіні тарқалмай жүрген мәселелері бойынша мамандарға жүгінді.
 Медиация-бірнеше тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы түрі. Бұл бастаманың соттан ең басты айырмашылығы —ұтқан, ұтылған деген тарап жоқ. Себебі, мұнда басты назарға алатын мәселе - екі тарапты ортақ мәмілеге келтіру.
Қабылдауды кәсіби және кәсіби емес медиаторлар да жүргізеді. Түлетай Танекенова 10 жылға жуық уақыт бойы тұрғындарға жанжалды жағдайдан шығудың жолын табуға көмектесіп келеді. Ол кәсіби медиатор.
Ең бастысы, медиация – бұл дауласуға емес, тараптардың ынтымақтастығына баса назар аударылатын жедел және бейресми рәсім. Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 30-40 % медиация рәсімінен өтеді. Ал, тараптардың 85 %- ы оң нәтижеге қол жеткізілген.
Медиацияның бес негізгі қағидасы бар – еріктілік, тараптардың теңдігі, медиатордың бейтараптығы, құпиялылық және үшінші тұлғалардың араласпауы. Медиация процесі уақытты да, жүйкені де, ақшаны да үнемдейді, - дейді Түлетай Танекенова.