Балаларыма екпе салдыруға қарсымын. Шығыстағы ата-аналардың біразы дәрігерлердің кезекті шақыртуына осылай деген. Бұлай деулеріне бірнеше себеп те бар көрінеді.Ал облыс тұрғындары екпенің қай түрінен бас тартып жатыр? Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Теңгерімді тамақтану, жақсы ұйқы және таза ауада ұзақ серуендеуге ықпал ететін табиғи иммунитет маусымдық инфекцияларға қарсы көмекші екенін есте сақтаған жөн. Бірақ, ең күшті деген иммунитеттің өзі қауіпті ауруларға қарсы антиденелерді дамытуға жеткілікті болмауы мүмкін. Сондықтан екпе алу өте маңызды.
Сәуле Слямгазинананың айтуынша, екпеден бас тартып жатқандар әлі де кездеседі. Бұл қателік, дейді. Мамандар барлық тұрғындарды уақытылы вакцина алуға шақырады.
Айта кетейік, әлемдегі барлық вакциналар міндетті және ерікті деп жіктеледі. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сәйкес біздің азаматтарға арналған вакциналар да дәл солай міндетті және ерікті болып бөлінеді. Халықтың эпидемиялық әл-ауқатын жақсарту, сондай-ақ инфекцияның алдын алу мақсатында Ұлттық вакцинациялау күнтізбесі бекітілген.