Күршім ауданы, Қалжыр ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Мұнда 1500 тұрғынға қызмет көрсетіледі. Заманауи қажетті құрылғылармен жабдықталған емдеу мекемесі күніне 20-дан астам адамды қабылдауға қауқарлы.
Амбулаторияның салтанатты ашылуында Күршім ауданы әкімінің орынбасары ауыл тұрғындарын құттықтап, дәрігерлердің жұмысына сәттілік тіледі.

Жаңа амбулатория заманауи құралдармен жабдықталған. Онда алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Мекеме бір ауысымда шамамен 20 адамды қабылдайды. Сондай-ақ, 20-дан астам кабинет жұмыс істейді.
Ғимаратты салған медігер - Дарын Әбжанов. Салтанатты жиында медігердің әкесіне шапан жабылды.
Қалжыр ауылында бұған дейін жұмыс істеп тұрған дәрігерлік амбулатория 1958 жылы салыныпты. Ал жаңа мекеменің ашылуына ауыл тұрғындары дән риза.

Шара соңында қонақтар ғимараттың ішін аралап, жаңа үлгідегі жабдықтармен танысты.