Волейбол- бұқаралық спорт түрлерінің бірі. Жастар мен жасөспірімдер арасында бұл спорт түрі қарқынды дамып келеді. Нәтижесінде, спорт секцияларының саны артып, саланы цифрландыру мәселесі жолға қойылып келеді. Аймақтағы спортшылар түрлі жарыстарға қатысып, ірі турнирлерде жеңіске жетуде. Облыс орталығында волейбол мектебі де жұмыс істейді, мұнда жоғары лигада ойнайтын балалар жаттығады.
Волейбол спортына қызығушылық танытқан балаларды білікті тәлімгерлер жаттықтырады. Қазіргі уақытта қыздардың ең кіші командасында жаттығу жүріп жатыр. Олардың барлығы облыстың түкпір-түкпірінен келген. Салауатты өмір салтын насихаттап, жас волейболшылардың шеберлігін шыңдау керек дейді, жаттықтырушы Эдуард Нааб.
Қысқа мерзім ішінде қыздар түрлі жарыстарға қатысып үлгерді. Ел чемпионатының жүлдегерлері атанды. Алғашқы күннен бастап волейболшылар ұлттық лигаға дайындалуда.
Таяуда волейбол мектебінің басшылығы облыс бойынша іріктеу өткізуді жоспарлап отыр.
Волейболшылар олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін тәмәмдаған соң дарынды балаларға арналған интернат-колледжге түсе алады. Осылайша жас спортшылар жаттығып ғана қоймай ойлаған мақсаттарына жетуіне мүмкіндік алады.