Аймақта мемлекеттік қызмет істері агенттігі өткен жылды қорытындылады. Брифингте облыстың бұл саладағы көрсеткіштері мен  жаңашылдықтары талқыланды.
Облыста 367 мемлекеттік орган бар. Бұл саладағы 3614 қызметкердің  33 пайызы ерлер болса, 67 пайызы нәзік жандылар. Ал, 17 пайызы 29 жасқа дейінгі жастар. Қалған үш пайызы зейнеткерлер мен зейнет жасына жақындаған азаматтар. Олардың 91 пайызы жоғары білімді.
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктіліктерін арттыру-бұл мемлекеттік қызметті дамытудың негізі. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы директоры Сергей Ковалевтың айтуынша, былтыр 4124 азамат оқыту курстарын өткен.
Кадрлық іс-құжаттарды жеңілдету және бюрократиялық рәсімдерді азайту мақсатында «Е-қызмет» ақпараттық жүйесін дамыту жұмыстары жүргізілуде. 1 наурыздан бастап мемлекеттік қызметке іріктеу жаңа ереже бойынша іске асырылады.
Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі қашанда қоғам назарында. Департамент жұмысының негізгі бағыттарының бірі – аталмыш салада бақылау жүргізу. Брифингте өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған тәртіптік іс туралы да айтылды. Бұл бағытта атқарылар жұмыстар биыл да жалғасын таппақ.