Кез - келген мемлекет үшін әлеуметтік саланың дамуы маңызды. Ал, әлеуметтік саланың  бірегейі– денсаулық сақтау жүйесі. Облыс орталығында аталған басқарма жыл көлемінде атқарылған жұмыстарын қорытындылап, алдағы жоспарларын талқылады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен жылы өңірдегі денсаулық сақтау саласында жүзеге асқан жаңа жобалар нәтижесі көңіл қуантады. Емделушілерге бар жағдай жасалып, күндізгі стационарда ем қабылдау қызметі жақсарған. Өткен жылы медициналық қызметтің 8 түрі бойынша 105 қызмет көрсетілген. Бұдан бөлек,  195 ауылда 45 мыңнан астам адам медициналық тексеруден өткен.  
Ал Тарбағатай, Күршім, Катонқарағай аудандарындағы ауылық жерде орналасқан амбулаториялық орталықтарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Аймақтың медицина саласында алда атқарылатын жұмыстар көп. Биыл көптеген бастаманы қолға алып,бекітілген жоспарларды жүзеге асыру басты мақсат, дейді Айнаш Қапанова.
Денсаулық сақтау саласынының  негізгі жұмыстары қолға алына баста-ғаны тұрғындарға да, дәрі¬герлер үшін де тиімді. Медициналық құрал-жаб¬-дықтардың да жаңаруы емдеу сапа¬сын арттырады.