Шығыстағы Желдіөзек ауылында тұратын 11 жастағы Жәнел Сәуменова ат құлағында ойнайды. Қазір ол тай жарысан бастап аламан бәйгенің алдын бермей жүр. Ал Ажар Төлеуханова Астанадан өз ауылына арнайы көшіп келіп садақ атудан мергендер мектебін ашты.
Жәнел Сәуменова атқа мінбес бұрын  әбден баптайды. Одан соң ер тұрманын салады. Алғаш рет оның тақымы атқа  5 жасында тиген. Содан бері аяғы үзеңгіде. Жәнелдің жылқыға құмарлығы анасынан дарыған. Александра да жастайнан ат құлағында ойнайды. Ал Жәнел соңғы жылдары түрлі деңгейдегі бәйгенің алдын бермей келеді.
Тек аламан  ғана емес,қазір атпен шауып келіп, кедергіден секіру сияқты  түрлі шеберліктерге машықтанып жүр.
  Қазір елімізде ат спортымен шұғылданатын қыздар өте аз. Жәнелдің мақсаты  осы олықылықтың орынын толтыру.