Бұл адыранасын ала өгіздей өңіреткен-Ажар Төлеуханова. Астандан Алтайға көшіп келіп, ауыл балаларына садақ ату өнерін үйретіп жүр.
Қазір өңірде  садақ атудан  кәсіпқой спортшы мүлде жоқ. Сондықтан Ажар Төлеуханова шығыстан команда жасақтауды алғаш қолға алып отыр.
Мергендер шығып та жатыр. Ажар Төлеуханованың шәкірттері былтыр жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде топ жарды.  Түрікше ату әдісі  жебені саусақтармен қысып ұстап адырананы тарту. Кез-келген адам бірден үйренеді.Ажар Төлеуханова шәкірттеріне осы дәстүрлі стильмен  үйретеді.