Әлеуметтік желіде алаңсыз отырып, ұялы телефонды еркін қолданатын оқушылар бар. Ал Өскемендік ұстаз телефонға телмірген балғындарға ағылшын тілін ерекше әдіспен үйретіп жүр. Ғаламторды өз игілігіне қолдана білген шәкірттер білім берудің бұл форматы айтарлықтай тиімді екенін айтады.
Бұл білім ордасы ағылшын және неміс тілін тереңдетіп оқытады. Мұндай мекемелер елде санаулы. Тек Астана мен Алматыда ғана бар. Өмірінің 36 жылын ұстаздыққа арнаған Гүлзира Мұхамадиева Өскемендегі №12-ші мектеп-гимназиясында қызмет етеді. Ол - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Шәкірттерінің қатарының алды болуы осы жанның арқасы. «Педагог-зерттеуші» халықаралық оқыту бағдарламаларын қолданады.
Гүлзира Мұхамадиева өзгені оқытумен қатар, өз біліктілігінде әрдайым арттырып отырады. 40 жылға жуық оқыттым, бәрін білемін деуден аулақ. Әлеуметтік желінің әлеуетін дұрысынан қолданып, түйгенін оқушыларына үйретеді.
Ұстаз әлемдік тың ақпаратты незіге алып, оқушыларға қызықты тапсырмалар береді. Жауабын жәй ғаламтордан көшіре салу деген мүлдем жоқ. Ақпаратты саралай білу басты талап. Оқушылардың білімге деген қызығушылығы осылай оянады.