«Ертіс концерт» ұжымы өңір халқын өнерімен сусындатып жүр. Алыс-жақынды аралап, концерт берген өнерпаздарға жиналған жұрт дән-риза. Симфониялық оркестрдың сүйемелдеуімен орындалған әр шығарма көрерменнің қошеметіне ие. Шығармашылық ұжымның Риддердегі концерті және алдағы гастрольдері жайлы келесі бейнематериалда.
 «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы…». Концертке келген қауым шығармашылық ұжымның өнеріне оң баға берді. Дирижер Александр Галсановтың жетекшілігіндегі облыс әкімінің симфониялық оркестрі орындаған жанды дауыстағы әндер риддердегі көрерменге ерекше әсер сыйлады. Танымал дирижер тек оркестрді ғана емес, бүкіл залға жетекшілік еткендей көрінді.
Өнер ұжымы Риддер мәдениет үйіндегі концерттен кейін, төртінші шағын ауданға және Поперечье ауылына барды.
Айта кетейік, "Ертіс концерт" ұжымының гастрольдік туры облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша "Ұлттық Рухани жаңғыру" және "Ауыл – ел бесігі" ұлттық жобаларын іске асыру аясында өтіп жатыр.