WBO және IBF нұсқалары бойынша Әлем Чемпионы Жәнібек «Qazaq Style» Әлімханұлы (15-0, 10КО) кәсіпқой рингтегі 16 жекпе-жегін жаңа зеландиялық Андрей «Renegade» Михайловичке (20-0, 12КО) қарсы өткізеді

12 раундқа жоспарланған жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «Palms Casino Resort» спорт кешенінде өтеді. Кәсіпқой бокс кешін 14 шілде күні 06:00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар.

Қазақстандық кәсіпқой бокс шеберіне бірге жанкүйер болайық!