«Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында облыс орталығында жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Шемонаиханың түрлі өнімі жеткізілді. Шарада өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Әр сенбі сайын облыс орталығында ұйымдастырылатын жәрмеңкеге жиналғандардың қарасы қалың. Барлығы табиғи таза, қолжетімді бағадағы сапалы өнімге қол жеткізуге асық.
Жәрмеңкеге белсенді қатысқандардың бірі-ауданға қарасыты Вавилон ауылдық округі. Кәсіпкерлер сұйық май, сүт өнімдері мен қарақұмық, бұршақ сынды жармалар әкелген.
Жәрмеңке аясында гір көтеру, арқан тарту, қол күресі сияқты спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
Шемонаихадан жеткізілген тауар табиғи таза өнімнен жасалған, сондықтан сапасы да жоғары. Жәрмеңкеге келген тұрғындар түрлі тауардың дәмін татып, төменгі бағада азық-түлік алғандарына дән риза.