Президент Қазақстан халқына Жолдауында елдің туристік саласын дамытуды жандандырудың маңыздылығын атап өткен болатын. Бүгінде өңірде осы бағыттағы жұмыстар қарқынды. Оған дәлел облыс орталығында туризімді дамыту мәселелері бойынша өткізілген кеңес. Жиынға облыстық туристік ақпарат орталығының өкілдері, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, кәсіпкерлер палатасы және ЖОО қызметкерлері қатысты.
Туризм – әлемдік экономикадағы ірі ғана емес, сонымен қатар ең жылдам дамып келе жатқан сала. Оның өсу қарқыны экономиканың басқа салаларына қарағанда екі есе жоғары. Жыл басының бері осы бағытта өңірде жеті кеңес өткізілген. Бүігінде өткізілген кеңестің күн тәртібінде нақты үш сұрақ тұрды.
Үшінші ол әрине туризмді дамытудың негізгі факторларының бірі туристік инфрақұрылымды жақсарту. Бұл қонақ үй, мейрамханалар мен жол бойындағы ыңғайлы тамақтану орталықтары. Бүгін де елдегі туризмді дамыту ол экономиканың дамуы ғана емес, халықтың табысын арттырудың негізгі бағыттарының бірі. Өйткені бұл сала елдің игілігі үшін ерінбей еңбек етіп жүрген қаншама жандардың өз нәпәқасын тауып жүрген жұмыс орындарымен тікелей байланысты.
Жалпы, туризмге инфрақұрылымнан бөлек, қызмет көрсету деңгейінің жоғары болғаны да өте маңызды. Бұл бағытта сапалы кадр даярлау үшін арнайы курстар да ашылған.
Алдағы жылы бұл бағытта атқарылар жоспарлар көп. Катонқарағай ауданына қарасты Солдатова ауылында жаңа әуежайдың құрылыс жұмыстары басталып, аталмыш ауданда бес жұлдызды қонақ үй салу жоспары еңгізілген. Оны Швецария мен Франция елінен келетін инвесторлар жүзеге асырмақ.