«Туған жер - Алтын бесігім» дәстүрлі жобасы аясында облыс орталығында футзалдан турнир өтті. Жарыс Алтай ауданы әкімінің кубогін сарапқа салды. Аймақтың бірнеше ауданынан жиналған командалар тартысты өнер көрсетті.
Алтай ауданы әкімінің кубогі үшін төрт команда бақ сынады. «Алтай», «Бұқтырма», «Тұрғысын» және «№9 мектеп» құрамалары додаға түсті. Мұндай турнир жылда өткізіліп тұрады. Сондықтан, турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылды, дейді жарыстың басы-қасында жүргендер.
Командалар кездесулері стандартты регламант бойынша өтті. Жеті минуттан екі тайм ойналды. Әлбетте, жарыс болған соң бәсеке бар. Мұндайда қазылардың атқаратын қызметі зор. Дегенмен, төрешілер матчтар әділ өткенін айтады. Ереже бұзу, қатаң ескертулер болмады, дейді.
Жарыс басталған сәттен бәсекелестіктің жоғары екені байқалды. Себебі, ойыншылар бұл турнирге алдын ала, қызу қарқынмен дайындалған. Нәтиже ойдағыдай.
Турнир қорытындысы бойынша аудан әкімінің кубогін «Алтай» командасы иеленді. Ал, жүлделі екінші орын «Бұқтырма» командасына бұйырды. Үшінші орынға «Тұрғысын» командасы жайғасса, «№9 мектеп командасы» соңғы болды. Мұндай шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттап, өзара достық, ынтымақты арттыру, дейді шара ұйымдастырушылары.